



Ұлы ақын, аудармашы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, жазба әдебиеті мен қазақ әдеби тілінің негізін салушы, реформатор Абай атамыздың 175 жылдық мерей тойына, құрметіне орай еліміздің барлық білім ошақтарында арнайы «Абайтану» кабинеттері ашылып жатыр.
Сондай жақсы жаңалықтардың бірі, Переменовка ауылындағы «Переменовка орта мектебі» КММ де «Абайтану» кабинеті ашылды. Кабинеттің ашылуы салтанаты наурыз айында өтті. Ашылуы кешіне арнайы қонақтар тізіміне Переменовка ауылдық округінің әкімі Отызбаев Қ.А, ауылдың абыройлы асыл әжесі Күлімхан апа келді. Іс-шара өз кезегінде салтанатты түрде қызыл лента кесу рәсімі өткізіліп, қонақтарымыздан алғыс, тілек және де жаңа кабинетімізге баталарын алдық. Сұлтан Мейрамбекұлы кабинет бойынша арнайы шағын экскурсия өткізді. Мектептің өнерлі оқушылары Абайдың өлеңдерін оқып, әндерін айтты.

